Стоматология факультетінің деканы аталмыш факультеттің 1 курс студенттерімен кездесу өткізді

10.12.2012 күні Стоматология клиникасында Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы аталмыш факультеттің 1 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге Стоматология факультеті деканының білім бойынша декан орынбасары Жазира Нұрасылқызы , тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Алма Сайпудинқызы ,топ тьюторлары Маргарита Маратқызы және Марал Маратқызы қатысты. Кездесудің мақсаты студенттерге қысқы сессия жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізу.Жазира Нұрасылқызы студенттерге емтихан талаптары мен өтетін уақытын айтып өтті.Амантаев Бақанай Амантайұлы барлық студенттерге алғашқы емтихандарын үздік тапсырып шығуларына ниет білдірді.

Стоматология факультетінің Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара