Оқу-әдістемелік жұмыс

Пән бойынша барлық мамандықтар үшін студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені және теориялық мазмұнымен әдістемелік нұсқаулар дайындалды.Тақырыптарды тиімді меңгеру үшін практикалық сабақтарда презентациялар және видеофильмдер, сонымен қатар оқытудың әр түрлі әдістері қолданылады. Студенттермен жұмыс жасау барысында курс оқытушыларының «Медициналық биофизика» пәні бойынша дайындаған электрондық оқу құралдары қолданылады. «Медициналық биофизика» пәнінен сауалнама түріндегі тапсырмалары бар бөлшектелген мәтіндер бойынша 1 оқу-әдістемелік құралы дайындалды және ҚазҰМУ Әдістемелік Кеңесімен бекітілді.

Инновациялық технология бойынша 26 актісі алынды. Оның ішінде 18 видео дәріс ScreenCAM бағдарламасының көмегімен prezi.com форматындағы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде, 4-уі TBL, PBL және «Кемпірқосақ» әдістері, «Team quiz», 1-уі «http: //biofizika2016.blogspot» модуль сайты және қазақ тілінде «Медициналық биофизика» пәнінен сауалнама түріндегі тапсырмалары бар бөлшектелген мәтіндер бойынша оқу-әдістемелік құралы дайындалды.

«Мед.биофизика» және «Электрлік өндіріс және электрлік қондырғының электротехникалық негіздері» пәндерінен КазҰМУ Әдістемелік кеңесімен бекітілген 5 электронды оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде, дайындалды