Футболдан жатақхана аралық жарыс болып өтті

Футболдан жатақхана аралық жарыс болып өтті

Ағымдағы жылдың ақпан айында С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жатақхана аралық футболдан жарыс болып өтті. Жарысқа барлық жатақхана студенттерінен құралған командалар қатысты. Аталмыш жарысқа стоматология факультетінің жатақхана студенттерінен құралған командамыз қатысып,жүлделі 1 орынға ие болды.Жарыс өте жоғары дәрежеде өтті.Факультетіміздің спортшыларын жеңістерімен құттықтай отырып,жарыс ұйымдастырушыларына үлкеналғыс білдіреміз.Университетімізде спортқа үлкен мән беріліп,студенттерді жігерлендіретін жарыстардың көптеп болғаны біз үшін қуантарлық жәйт.

Ақпарат секторы:

Ермек Динара,Ануарбекова Сымбат