«Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» атты кураторлық тәрбие сағаты

Биылғы 2016-2017 оқу жылында «Стоматология» факультетінің 1-ші және 2-ші курс студенттеріне «Экстремизм мен терроризмнің елімізге қаупі» атты кураторлық тәрбие сағаты жүргізілді.

Студенттерге Экстремизм, терроризм, радикализм терминдеріне түсінік беру, Қазақстан Республикасындағы лаңкестікпен қарсы күрестің құқықтық негіздері, қазіргі таңдағы ахуал жайы жөнінде мағлұмат беру.

Экстремизм мен терроризмнің таралу себептері, оған қарсы әрекет түрлері жөнінде түсіндіре отырып, бүгінгі өмірмен байланыстыра алдын алу шараларын жүргізу. Студенттердің бұған дейінгі білімдерін кеңейту, тақырыпты өз бетінше меңгеру, сыни ойлай отырып, өз ойын еркін жеткізе білу, талдау дағдыларын қалыптастыру.

Ресурстар: Видеоролик ” “Менің елім – Қазақстан ” видеоролигі, “Экстремизм опат болудың жолы” т. б жарнама роликтері, слайдтар, стикерлер, постер, интернет материалдары, қағаздар, оқу құралдары.