Өнерлі факультет байқауының қорытындысы

Өнерлі факультет байқауының қорытындысы

1 айға жуық уақытқа созылған Өнерлі факультет байқауы да өз мәресіне жетті. Байқау көлемінде университетімізде қаншама талантты студенттер бар екенін көріп,өнерлеріне тәнті болдық. Міне,10 сәуір күні байқаудың шешуші күні болып өтті.8 номинация бойынша стоматология факультеті көптеген номинациялар бойынша 1 жүлделі орныдарға ие болды.Атап айтар болсақ,олар 3 курс студенті «Үздік суретші» номинациясына ие болған Сагинова Динара,4 курс студенті Ұлттық аспапта жеке орындаудан үздік деп танылған 4 курс студенті Көбеков Сағындық, классикалық би жанрнан үздік 3 курс студенті Күзенбаев Береке,Ұлттық аспаптарда ойнаудан стоматология факультетінің студенттерінен құралған оркестр және «Үздік видеоролик».Сонымен қатар,драма жанрынан факультетіміздің «Пешене» қойылымы 1 орынға ие болып,факультет деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы «Үздік актер» және «Үздік режиссер» номинацияларын жеңіп алды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара