ӨСҚ НЕГІЗДЕРІ КУРСЫ БАР ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫ БОЙЫНША ЕСЕБІ

7 қазан 2017 жылы сағат 11.00-де ҚазҰМУ-дың Спорт залында «Конституция – тұрақтылықтың кепілі», «Тәуелсіздік тірегі -Ата заң» атты тақырыптарда дөңгелек үстел өткізілді.

Мақсаты мен міндеттері: Ұлтжандылыққа және Отанға деген құрметке , өз ұлтының тарихымен танысуға, білім алушылардың көзқарсын жақсартуға тәрбиелеу.

Сәндеу жұмыстары: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, Қазақстан туралы альбом, Қазақстан Республикасының картасы.

Аталған іс-шараға барлық факультеттен жалпы 150 студент қатыстырылды.

Дөңгелек үстелдің тақырыбына байланысты түрлі суреттер ілінді, студенттер өлең жолдарын оқып, түрлі баяндамалар ұсынды. Оқытушылар мен студенттер Конституция – тұрақтылықтың кепілі екендігі туралы айтып, өз пікірлерімен бөлісті.

Қорыта келгенде:

Бүгін қандай жаңалық білдіңіз?

ҚР Конституциясы қашан және қай жерде қабылданды?

Мемлекетімізде Конституция неге Негізгі Заң деп аталады?

Біздің мемлекетте азаматтардың міндеттерін Негізгі қандай заңда қамтамассыз етеді?

Конституция адамдарға қандай міндеттерді анықтайды?

Біздің мемлекеттің азаматы болу үшін қандай міндеттерді орындау керек?

Жауапты оқытушылар: п.ғ.к., доцент Фадеева О.Ю., аға оқытушы Жаксылыкова К.С., аға оқытушы Маршалхан А.