О кафедре

20.05.1962 жылы Қазақ ССР Денсаулық сақтау Министрлігінің №203 бұйрығына негізделіп ортопедиялық стоматология кафедрасы жұмыс істей бастады. Ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшілігі Алматы қаласындағы бас стоматолог, №1 қалалық стоматологиялық поликлиниканың бас дәрігері Усманова Рашида Сабирқызына тапсырылды.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ ректоры, профессор А.А. Ақановтың бұйрығына сәйкес ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулі мен ортопедиялық стоматология модулін қосып ортопедиялық стоматология кафедрасы ұйымдастырылды. Медицина ғылымының докторы, профессор Алтынбеков Кубейсін Дұйсенбаевич кафедраның меңгерушісі болып бекітілді (№542, 2015ж. 16 ақпан).

Кадр бөлімі: негізгі қызметкерлер – 21, оның ішінде – 1 – профессор, м.ғ.д., 1 –м.ғ.д., 1 – профессор, м.ғ.к., 5 – м.ғ.к., доцент, 3 – м.ғ.к., ассистент, . – ассистент, 2 – аға лаборант, 1 – лаборант. Кафедраның ғылыми дәрежесі – 61%. Ортопедиялық стоматология кафедрасының ПОҚ 2, 3, 4, 5 курстарда дәрістер, тәжірибелік сабақтар отеді.

Кафедраның ғылыми тақырыбы: «Отандық стоматологиялық материалдарды жаңа технологияға еңгізу және қолдану». ПОҚ ғылыми техникалық тәжірибе мен ҚР ғылыми және білім министрлігінің бағытымен: «Тіс қатарының түрлі ақаулықтарын ортопедиялық емдеу және диагностикалауда жаңа заманауй әдістерді қолдану» атты тақырыпта белсенді жұмыс атқаруда. Ортопедиялық стоматология кафедрасының ПОҚ алыс және жақын шет елдерде түрлі ғылыми-тәжірибелік жұмыстармен – Швеция, Турция, Германия, Словения, Рессей, Өзбекістан, Қырғызстан, Тәжікістан, Татарстанда болды. Жыл саин жаңа технологияларды ортопедиялық стоматологияда қолдану боинша мастер-класстар өткізіледі. Кафедра қурамы Stomet-1kz, Stomet-2kz қортпасын жасады. Оқу үрдісі мен тәжірибелік денсаулық сақтау үрдісі бойынша – 6 енгізу актісі, 5 инновациялық патент, мемлекеттік және орыс тілдерде оқу әдістемесі жасалған.

Кафедра ПОҚ мен бірге студенттер турғындарға стоматологиялық көмек көрсету бойынша жұмыс атқарып, Алматы қаласы турғындарына ортопедиялық стоматология кафедраның профессор, доцент, ассистенттері бірігіп ЖБА ақаулықтарын ортопедиялық емдеуде септігін түгізуде.