Кафедраның тарихы

Хирургиялық стоматология кафедрасы 07.05.1962 жылы ДМ Казақ ССР №203 бұйрық бойынша құрылды, оның бірінші меңгерушісі болып м.ғ.д., доцент Евгений Феофанович Чернов тағайындалды.АГМИ емдеу факультетінің түлегі, Совет Армиясының қатарында болып, атқыштар полкындар аға дәрігер қызметін атқарған. Ол 1959 жылы құрылған стоматология факультетінің бірінші деканы қызметін 1961- 1963 жылдар аралығында атқарды.Ол стоматология бойынша Қазақстанда ең бірінші докторлық диссертация қорғаған, бірінші стоматология профессоры, бірінші қалалық, кейіннен Республикалық стоматологтар ұйымының ұйымдастырушысы және төрағасы,сонымен қатар Қазақ ССР Денсаулық Сақтау Министрлігінің бас стоматологы болды.

1974-1980 жылдары кафедраны доцент, м.ғ.к. Мария Павловна Осколкова басқарды.1974-1980 жылдары Мария Павловна Осколкова Республикалық стоматологтар ұйымының төрайымы және Бүкілодақтық стоматологтар ұйым басқармасының мүшесі болды.

1980-2011 жылдары хирургиялық стоматология кафедрасын медицина ғылымдарының докторы проф. Жақсылық Бекбатырұлы Оразалин басқарды. 1989 жылдан бастап 2001 жылға дейін профессор Ж.Б. Уразалин ҚазММУ дың клиникалық жұмысы жөнінен проректоры қызметін атқарды, ал содан соң оқу жұмысының проректоры болды. Ол (1991 жылдан бастап) ең басынан бастап 2007 жылдан бастап Стоматология 14. 00. 21 мамандығы бойынша докторлық және кандидаттық дисссертацияларды қорғайтын арнайы Кеңестің тұрақты төрайымы болған. Оның жетекшілігінде 4 медицина ғылымының докторлы мен 15 кандидаты қорғалды. Ол «ҚазҰМУ алтын скальпель» иегері, 07.12.2010 жылғы ҚР Президентінің Жарлығы бойынша үкіметтік медалімен «Ерен еңбегі үшін» марапатталған.

1992 жылы қаңтардан хирургиялық стоматология кафедрасы екі кафедраға бөлінді:ауруханалық хирургиялық стоматология және хирургиялық стоматологияға кіріспе,оларды д.м.н.,профессор Уразалин Ж.Б., және профессор Тулеуов К.Т. басқарды.1997 жылы кафедралар қайтадан бір хирургиялық стоматология кафедрасына бірікті,оны д.м.н.,профессор Уразалин Ж.Б басқарды.

2015 жылдың ақпан айынан бастап кафедра меңгерушісі д.м.н. Мирзакулова У.Р болды. Бүгінгі күнде хирургиялық стоматология кафедрасы бұл үлкен шығармашылық және клиникалық әлеуеті бар ұйымдасқан ұжым, осы күнге дейін кайфедра өткен ұрпақтың дәстүрлерін сақтап, Қазақстан Республикасының стоматологиясына белгілі біо үлесін қосып жүр. Қазіргі таңда кафедрада 5 медицина ғылымдарының докторлары және 8 медицина ғылымдарының кандидаттары еңбек етуде.Медицина ғылымдарының докторлары:У.Р Мирзакулова, Ж.Б Уразалин, К.Т Тулеуов,В.П Русанов, Г.Б Адильбаев;доценттер:к.м.н М.И.Вансванов,к.м.н Г.М. Стабаева, А.М. Сабданалиев, Б.А. Амантаев, А.Т. Космагамбетова;ассистенттер:К.С. Бименов, К.К. Талимов, К.Р. Курышжанова, Н.Б. Мадраимов, Д.Д.Менжанова, Ю.А. Менчишева және басқалары.