X Ұлттық Жастар Дельфийлік ойындары

Ағымдағы жылы Алматы қаласының Жастар саясаты жөніндегі басқармасы мен Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен Алматы қаласы бойынша X Ұлттық Жастар Дельфийлік ойындары байқауы өткізілді. Университетіміздің «Cоncordia» театрында 12-ші ақпан күні Алматы қаласы жоғары оқу орындары мен мектеп оқушылары қатысқан X Ұлттық Жастар Дельфийлік ойындарының іріктеу кезеңдері өткізіліп, 14-ші ақпан күні байқау жарысы болып өтті.Қаншама талантты жастарымыздың басын қосқан бұл игі іс-шараныңмақсаты – Алматы қаласының дарынды талантты жастарын қолдау және таныту, жас буынның патриоттық санасын тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктеріміздің негізінде қалыптастыру және өз еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Әлбетте байқауға университетімізің студенттері де қатысып, өнердегі бақтарын сынады. Әр түрлі өнер түрлерінен өткен бұл байқауға біздің Стоматология факультетіміздің 3 курс студенті Бөріхан Ерболат «Патриоттық әндер» бағытында «Атамакен» әнін шырқап,көрермен қауімнің патриоттық сезімін оятты.Сонымен қатар, «Бейнелеу» өнеірінен факультетіміздің 2 курс студенті,дарынды суретші,өткен жылы университет қабырғасында өз көрмесін өткізіп үлгерген Сагинова Динара өз шығармаларын байқауға ұсынды. Бейнелеу өнерінің қорытындысы алдағы күні белгілі болмақ.Қорытындылай келе,осындай игі істер университетіміздің мәдени тұрғыда алға,ілгері қадам басып,абыройы асқақтап жатқанынының айқын дәлелі дегім келеді.Байқауға қатысқан барша студенттерімізге шығармашылық табыс тілеп, әлі де талай байқауларға қатысып, жүлделі орын алатындығына зор сенім артамыз.P.S Ұйымдастырушыларға үлкен алғыс!!!

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара