«Mister KazNMU 2012» байқауының тұсауы кесілді

19-қазан 2012ж. ҚазҰМУ  Жастар ісі бойынша комитетінің ұйымдастыруымен, нағыз  жігіттің сұлтандары сынға түсетін ең алғашқы «Mister KazNMU 2012» байқауы болып өтті. Аталған байқауға стоматология факультетінен 4 бірдей факультет тарландары: 3-курс студенті Гаффаров Ахунжан, 2-курс студенттері Кенесбек Али, Турдыев Нұрсұлтан және Умирзаков Нұрсултан қатысып, бар өнерлерін ортаға салды. Факультет мәртебесін көтеріп, ерінбей еңбек еткендері үшін алғысымызды білдіреміз! Қатысушыларға қолдау көрсету үшін стоматология факультетінің деканат құрамынан оқу ісі бойынша декан орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызы, деканат хатшысы Каткеева Айнур Жолдасхановна және факультет  студенттері жанкүйер болды. Алдағы уақытта осы байқау дәстүрге айналады деген сенімдеміз.