«Абай тағлымы»

25.04.2014 ж.С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің №2 ғимаратының 401 дәрісханасында сағат 14.30 –да Стоматология факультетінің 55-жылдығына орай Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Абай тағлымы» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелдің кіріспе сөзін ашқан Стоматология факультетінің деканы Амантаев Б.А. Абай еңбектерінің студент –жастар үшін маңыздылығына тоқталып, болашақ дәрігерлер үшін адамгершілік қағидаттардың таптырмас қайнары екендігін айтты, дөңгелек үстелге қатысушыларға сәттілік тіледі.Дөңгелек үстел қонақтары Ш.Ш.Уалиханов атындағы Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. Г.Ж Ускембаева. «Абай шығармаларының тәрбиелік маңызы», Тарих және этнология институтының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к. З.М. Толенова»Абай шығармалары арқылы жастарды ұлттық сана мен тағлымға тәрбиелеудің жолдары» атты баяндамалар жасады. Баяндамаларда Абай шығармаларының тәрбиелік мәні, жастар санасына патриоттық сезімді қалыптастыруға тигізер әсері сөз болды.

Өз кезегінде сөз алған Стоматология, Жалпы медицина факультеттерінің студенттері: Нарзулла Надир ЖМ 1 курс– «Абай — ұлы гуманист»,Омарбекова Г. ЖМ факультетінің 1 курс студенті — «А.Құнанбайұлы өмірі мен шығармаларын зерттеуші ғалымдардың ХХ ғ. 40-50 жж. қудалануы»,Кемелжанов АсылбекЖалпы медицина факультетінің 1 курс студенті- «А. Кунанбаев о воспитании молодежи», Қыймбаева Самал стоматология факультетінің 1 курс студенті-«Абай және ұлттық идея»,Қалдыбай Жұлдызай. Стоматология факультетінің 1 курс студенті-«Абай дана, Абай дара қазақта» тақырыптарында ғылыми баяндамалар жасап, Абай еңбектеріне жан-жақты талдау жасап, бүгінгі қоғамдағы өзектілігіне кеңінен тоқталды.Дөңгелек үстел соңында Жалпы медицина факультетінің 1-курс студентіАйтмұханбет Назерке ата аруағына арнап төл шығармасы «Абайға арнау» атты жыр жолдарын оқыса, Абай еңбектерінің тағы бір қыры музыка саласын да қамту мақсатындаЖМ факультетінің 1 курс студенттеріДаулбаева А.,Эргашова Ш. Бастап, аудитория қостап «Көзімнің қарасы»әні орындалды.

Іс-шара соңында Стоматология факультетінің деканы Амантаев Б.А. мырза дөңгелек үстелге қатысушыларға алғыс білдірді.

Дөңгелек үстелдің қорытынды сөзін Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі З.У.Бисембаева дөңгелек үстелдің өте сәтті өткенін және студенттердің жасаған баяндамаларының әсерлі шыққанын айта келіп, қатысушы сертификаттарымен марапаттап, болашақ дәрігерлерді адам жанының арашашысы болуда Абай айтқан адами қасиеттерді ұстанып, өз мамандықтарының патриоты болуға шақырды және солай болатындығына сенетіндігін баса айтып өтті.

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – гуманитарлық пәндер

Кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к., Дауытбекова М.Қ.