«Арулар-асыл жандар» атты мерекелік,факультет аралық байқау өткізілді

5 наурыз күні Concordia театрында Стоматология институтының студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен «Арулар-асыл жандар» атты мерекелік,факультет аралық байқау өткізілді. Студенттік үкіметіміздің төрағасы Бөріхан Ерболаттың және де өзге факультеттеріміздің студенттік үкімет басшыларының ұйымдастыруымен өткен бұл іс-шара өте жоғары деңгейде өтті.Биылғы жылы факультетіміз үшін ерекше жыл болып табылады,себебі факультетімізге 55 жыл толды.Осыған орай өткізілген бұл байқаудың мақсаты-алдымен барша қыз-келіншектерімізбен ару қыздарымызды мерекесімен құттықтау және де факультеттер арасында тығыз қарым-қатынас орнату болып табылды.Байқау 4 кезеңнен тұрды:

1 кезең –Үй тапсырмасы

2 кезең –Ән сайысы

3 кезең –Көрермен көмегі

4 кезең –Жаңа есім

Іс-шараны қонақ ретінде келген № 133 мектептің «Жас Өркен» тобы өзбек биімен ашты. Университетіміздің алтын дауысы Месов Олжас «Благодарю тебя» әсем әнімен кештің көрігін қыздыра түсті.

Сахнаға шыққан қос жүргізуші сөз кезегін алып, концертті диалог ретінде жүргізіп отырды. Іс-шараға арнайы дайындалған еліміздің мақтаныштары, өмірден өткен апаларымыз туралы презентация мен аналар жайлы арнайы бейне-ролик көрсетілді. Бұл көрерменді ойға шомды. Шынымен, мереке қарсаңында аналарды атап өтпеу заңдылыққа қайшы еді.

Әділ қазы алқаларымен танысқаннан кейін,әр факультет өз өнерлерін ортаға салды.

Өзіміздің факультетіміз керемет пародиясымен кешті қыздыра түсті. Әр факультет бір-бірінен қалыспай өнер көрсетіп жатты.1 курс студенті Қалдыбай Жұлдызай «Жаңа есім» номинациясын ұтып алды.Сонымен қатар «Ең үздік пародия» номинациясыда біздің факультетке тиесілі болды.Көрермендер өз қошеметтерін жарыса білдіріп жатты.Қорытындылай келе,бас жүлдені Қоғамдық денсаулық сақтау факультеті иемденді.

Сөз соңында айтарымыз,бұндай игі-іс шаралар университетіміздің мәдени дамып жатқанының айқын дәлелі.

Ұйымдастырушылармен қатысушыларға үлкен алғыс білдіреміз.

Ir_hss1AlI0 034DqT9tHNk oHbrr0pjj9Y DSC_0573 DSC_0626 DSC_0402 DSC_0482 DSC_0507 DSC_0524 DSC_0531