Ақ жол, еліміздің ертеңі болар ақ халатты абзал жан!

Еліміздің Ата заңының 18 жылдығымен тұспа-тұс келетін Білім күні — 1 қыркүйекте кіріп келіп, университетімізді жаңа студенттермен толықтырды. Жыл сайын аталып өтетін Білім күні ректорымыз профессор Ақанов Айқан Айқанұлының құтықтауымен ашылды. Студенттерімізге оқу үрдісін түсіндіру үшін 1 курс студенттерін әсем де көркем «Сoncordia» театрында жиналды. Ары қарай студенттермен өз декандары және деканат қызметкерлерімен кездесу болды. Студенттер өздеріне беймәлім болған сұрақтарын қойып, қанағаттандырарлықтай жауап алды. Және де белсенді студенттермен, студенттік деканаттың құрамымен таныс болды. Белсенділерден гидтар құралып, 1 курс студенттерін университетімізбен таныстырды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара