Білімді дамытудағы қазіргі таңдағы тиімді жолдардың бірі-академиялық мобильділік

Еліміздегі медициналық университеттердің студенттері Академиялық мобильділік жүйесі бойынша білім алмасып оқып жатқаны бәрімізге белгілі.Бұл жүйенің тиімді жақтары өте көп.Академиялық мобильділік тек қана студенттердің білім алмасулары емес,олардың басқа университеттермен ақпарат,тәжірибелерімен алмасуы.Бүгінгі күнде университетіміз көптеген шет елдерімен келісім-шартқа отырған.Бұл деген сөз,кез келген тілді меңгерген білімді студент қалаған еліне барып,сол жақтың білімімен алмасуы әбден мүмкін.Сондықтанда бұл білім жүйесі қазіргі заманда өте тиімді болып табылады.

Академиялық мобильділік бойынша биыл 2014-2015 оқу жылында Қарағанды және Ақтөбе қаласына біздің стоматология факультетіміздің 4 курс студенттері өз қалауларымен кетті.Ал,бізге Ақтөбе қаласынан 6,Қарағанды қаласынан 12 студент келді. Осы студенттерді Алматы-2 темір-жол вокзалынан стоматология факультетінің студенттік үкіметінің белсенді студенттері жылы шыраймен күтіп алып,жатақханаға орналастыру рәсімін жүргізді.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара