Декантта өткізілген «Үздік тьютор» конкурсы нәтижесі

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-де 2015 жылдың 22 қазан күні стоматология факультеті деканатында университетте өтетін конкурсына ұсыну бойынша комиссия отырысы өтті.

Комиссия төрағасы факультет деканы – м.ғ.д., доцент Амантаев Баканай Амантаевич

Комиссия мүшелері:

Оқу жұмысы бойынша декан орынбасары –Кусмолдаева Жазира Нурасыловна

Ортопедиялық стоматология кафедрасының оқытушысы-Таупық Нұрсара

Студенттік декан 2- курс СТ14-009-1а тобының студенті Ануарбекова Сымбат

Хатшы Даукенова Арайлым Ермұратқызы

Комиссия құрамы ұсынылған тьюторлардың құжаттарын тексеріп қарап, нәтижесінде:

Медициналық биофизика және биостатистика модулінің тьюторы Алмабаева Н.М., -166 балл

Медициналық биофизика және биостатистика модулінің тьюторы Умирбекова З.К.,-166 балл Медициналық биофизика және биостатистика модулінің тьюторы Нуртаева Г.К., — 149 балл

 

«Үздік тьютор» номинациясына 166 балмен — Медициналық биофизика және биостатистика модулінің аға тьюторы Алмабаева Н.М.;

«Университеттің инновациялық тьюторлық жұмыстары» номинациясына 166 балмен Медициналық биофизика және биостатистика модулінің тьюторы Умирбекова З.К.;

«Студенттерді ғылыми жұмыстарға тарту» номинациясына 149 балмен -Медициналық биофизика және биостатистика модулінің тьюторы Нуртаева Г.К. – ұсынылды. Жоғарыда аты аталған тьюторлардың құжаттары «Тәрбие жұмыстары департаментіне» университеттік конкурсқа жіберілді.