«Діни экстремизмге қарсы жастар»

Желтоқсан айының 6-шы жұлдызында сағат 14:00-16:00 аралығында №2 аудиторияда «Діни экстремизмге қарсы жастар» атты Стоматология институтының студенттік үкіметі және Фармакология кафедрасының оқытушысы Мұхамеджанова Гульмира Советбекқызының ұйымдастыруымен дебат ойындары және диспут болып өтті. 2 сағатқа созылған жиында студенттерге қазіргі таңдағы діни бұрмалаушылық туралы мәліметтер, діни экстремизмнің терроризмге апаратын жол екендігі түсіндірілді. Жиынға стоматология факультетінің декан орынбасары Жазира Нұрасылқызы, Жастардың әлеуметтік-мәдени құзіреттілігін дамыту департаментінің қызметкері Ернұр Тұрсынұлы, Құқық, эканомика және де фармакология пәнінің оқытушылары қатысты. Дебат ойынына Стоматология факультетінің студенттері Айтмат Маржан ,Нұрмахамбетова Жанерке және фармация факультетінің студенттері Әмір Ақмаржан, Әлімжан Манат қатысып жақсы ойын көрсетті. Студенттер болған диспутта өз ойын ашық және нақты жеткізіп, мәліметтер алмасып тарқасты.

Қорыта айтқанда, барлығымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып діни экстремизмге қарсы болайық.

Дебат ойынына бас төреші — Асанов Бақытжан.

Модератор — Бөріхан Ерболат.

2 3 4a 1