Елбасы, Тәуелсіздік

Елбасы, Тәуелсіздік

№5 жатақханада «Ерен Елбасы – кемел көшбасшы» ұранымен 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасы, Тәуелсіздік» тақырыбында пікір — талас өтті. Оны «Мед.биофизика және биостатистика» модулінің профессоры Адибаев Б.М., доцент Аймаханова А.Ш., аға оқытушы Алмабаева Н.М. ұйымдастырды. Пікір – талас қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Елбасы, Тәуелсіздік, қазақ елінің мәртебесі туралы айтылды. Сонымен қатар қатысып отырған студенттер арасында викториналық ойындар ұйымдастырылды. Студенттер туған жер, Отан туралы өлеңдер оқыды. Әндер айтты, би биледі.