Ортопедиялық стоматология модуліне Стамбул қаласынан визитинг профессорлардың келуі

Ортопедиялық стоматология модулінде 2012 жылдың 21-ші қараша мен 6-шы желтоқсан аралығында Стамбул қаласынан визитинг-профессорлар Стамбул Университетінің ортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі м.ғ.д. Тунжер Мустафа Нежат пен Стамбул Университетінің имплантология кафедрасының жетекшісі м.ғ.д. Оздемир Тайфун стоматология факультетінің студенттеріне дірістер оқып, мастер кластар, тәжірибелік сабақтар жүргізді.

Дәрістер ортопедиялық стоматологиядағы инновациялық емдеу әдістерін және стоматологиядағы дентальді импланттардың қолданылуындағы көрсеткіштерді толық қамтыды.

Даңқ залындағы 4,5,6 курс стоматология факультетінің студенттеріне, резиденттерге, магистранттарға Визитинг — профессорлардың дәрістер өткізуі.

Стамбул университетінің оральды имплантология кафедрасының жетекшісі

д.м.н., профессор Оздемир Тайфун.

Стоматология институтының директоры м.ғ.д., профессор Есембаева С.С., Ортопедиялық стоматология модулінің жетекшісі м.ғ.д., профессор Алтынбеков К.Д., м.ғ.д, профессор Нежат Тунжер., м.ғ.д., профессор Оздемир Тайфун.