«Стоматологиялық қабылдауда АИВ-инфекциясын ескерту»

2016 жылдың 29-шы қараша күні стоматология бойынша интернатура кафедрасы, интерндердің 609-1 тобы, «АИВ-инфекция және инфекцияны бақылау» курсымен бірге «Стоматология» мамандығы бойынша интерндерге арналған ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырды. Конференция жүргізушісі дәрігер-интерн – А.Галимова болды.

Ғылыми-тәжірибелік конференция «Стоматологиялық қабылдауда АИВ-инфекциясын ескерту» тақырыбында, Дүниежүзілік ЖИТС-пен күрес күніне арналды.

Болашақ дәрігер-стоматологтардың АИВ-инфекциясын жұқтыру қауіптілігі жоғары мамандар қатарына кіретінін ескерсек, өткізілген конференцияның маңыздылығы жоғары екендігі сөзсіз. Интерндер проф. Ж.С.Нугманованың «Мен –қолдаймын! АИВ-инфекция профилактикасын» тақырыбындағы қызықты әрі ақпаратқа толы баяндамасын тыңдады.

ОҚО АИВ-инфицирленген балалардың клиникалық ерекшеліктері, психологиялық жағдайы қазіргі кезде өзекті мәселе болып қалуда. Проф. М.К.Искакова және интерндер Б.Тлеухан, А.Галимовалардың «ОҚО-дағы АИВ-инфицирленген балалардың стоматологиялық денсаулығын бағалау» тақырыбындағы баяндамасы, осы топтағы ауруларды қарап-тексеру және емдеу барысында арнайы білім мен арнайы дағдылардың қажет екендігін көрсетті.

Мультимедиялық презентация көмегімен дәрігер интерндер: Сафаров Ш., Галимова Ш., Байтураева Т. «АИВ-инфекциясының ауыз қуысының шырышты қабатындағы көрінісі» тақырыбында баяндама жасады.

Конференция барысында интендер сұрақтар қойып, бүкіләлемдік маңызы бар мәселенің өзекті тұстары белсене талқылады.

Интерндердің кәсіби қабілеттерін арттыру үшін осындай деңгейдегі шараларды өткізу өте маңызды.

Конференцияға интернатура кафедрасының ПОҚ-ы және деканның әлеуметтік-тәрбие істері жөніндегі орынбасары қатысты.

Конференция ұйымдастырушылары: Искакова М.К., Нугманова Ж.С., Тасилова А.А., Тлеухан Б., Медетбекова А.