Стоматология институты 3,4 студенттерімен дәстүрлі кездесуі

05.02.2013 күні С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-ң №4 аудиториясында Стоматология институтының директоры Есенбаева Сәуле Серікқызы және Стоматология институтының деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы стоматология институтының 3-4 курс студенттерімен дәстүрлі кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты студенттерді 2-ші көктемгі семестрдің басталуымен құттықтап,оларды мазалап жүрген сұрақтарға толыққанды жауап беру еді.

Кездесу барысында мультимедиялық тақта арқылы университет ректоры Ақанов Айқан Ақанұлының студенттерге үндеуі көрсетілді. Айқан Ақанұлы студенттерді жаңа оқу жылының 2-ші жартысымен құттықтай отыра өзінің жылы лебізін жеткізіп, сабаққа деген ынталарын арттыра түсуін сұрады.

Әрмен қарай студенттер Есенбаева Сәуле Серікқызына өздерін мазалап жүрген сауалдарын қойып, сол сұрақтарға толық , нақты жауап алуларымен қатар , білім сапасын арттыруға байланысты өздерінің жаңа идеяларымен бөлісті.Сонымен қатар,модуль жетекшілері,кафедра меңгерушілермен де сұрақ-жауап алмасты.

Келесі кезекте факультет деканы Бақанай Амантайұлы студенттерді ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбайұлының «Қазақстан-2050» стратегиялық бағдарламасымен таныстырды.

Деканның білім жөнінде орынбасары Құсмолдаева Жазира Нұрасылқызы мен тәрбие – ісі жөнінде декан орынбасары Алмагүл Сайфутдинқызына сөз берілді. Институт жайлы дайындалған арнайы слайдта студенттер назарына ұсынылды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара