Стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлының факультет белсенділерімен кездесуі

03.09.2014 күні стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлы факультеттің студенттік үкіметі,студенттік деканаты және т.б белсенділерімен кездесу өткізді.Аталмыш іс-шарада Бақанай Амантайұлы өткен жылдың қорытындысын жасап,студенттік үкіметтің жаңа мүшелерімен танысты.Жиналыс барысында декан тарапынан ескертулерде айтылды.Жаңа оқу жылында факультетіміздің туын биік ұстап,студенттерге бар жағынан барынша қолайлы жағдай жасау мақсатында жаңа жоспар құрылды.Студенттер тарапынан көптеген ұсыныстар айтылды.

Жаңа оқу жылында стоматология факультетінің студенттері бар жағынан жоғары көрсеткіштермен көзге түседі деп сенеміз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара