Стоматология факультетінің студенттік үкіметі Ақанов Айқан Ақанұлымен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 15 сәуір күні стоматология факультетінің студенттік үкіметі университет ректоры,денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, медицина ғылымдарының докторы,профессор,ҚР еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Мәдениет» қайраткері Ақанов Айқан Ақанұлымен «Галcтуксіз кездесу» өткізді.Факультет белсенділері ақ дастархан жайып,дайындалды.Кездесуге Стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы қатысты. Кездесудің мақсаты Айқан Ақанұлын басқада қырларынан танып біліп,ақыл кеңесін алу еді.Кездесу барысында студенттер ректорға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып жатты.Кездесу соңында шыныменде,Айқан Ақанұлының қарапайымдылығы,парасаттылығы,ақылдылығы және ең бастысы лидерлік қабілетін тағыда бір анық байқадық.Болашақ дәрігер ретінде біздің Айқан Ақанұлынан алатын үлгіміз өте мол.Бізге қажетті ақыл кеңестерін беріп,жетістікке жеткен жолын,бастан кештен небір қызық оқиғаларымен бөлісті.Әңгіме арасында студенттерге еш қысылмай дәмнен алып отыруларын атап өтті.Бұл да бір Айқан Ақанұлының қарапайымдылығының бір дәлелі деп білеміз.Өзінің өмірінде қаншама жетістіктерге жетіп,биік белестерді бағындырған Ақанов Айқан Ақанұлымен бір дастарханнан дәм татып,сұхбаттасқанына студенттеріміз қунышты болды.Бұл кездесуден студенттеріміз жағымды ой түйді деп сенеміз.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек Динара

IMG_1377IMG_1375IMG_1383IMG_1385IMG_1388IMG_1390IMG_1391IMG_1400IMG_1401IMG_1404IMG_1405IMG_1415IMG_1417