«С.Ж.Асфендияров — ірі тұлға»

«С.Ж.Асфендияров — ірі тұлға»

«Ер есімі – ел есінде» деп халық даналығы айтпақшы Санжар Жапарұлының елге танымал тұлға екенін бәріміз білеміз. Атамыздың 125 жылдық мерей тойы Университетте басталып кетті.

«Стоматология» факультетінің №5 жатақханасында 24.10.14 күні «С.Ж.Асфендияров — ірі тұлға» атты мерекелік іс – шара факультет көлемінде өтті. Шараны Мед.биофизика және биостатистика модулінің оқытушылары Б.М.Адибаев, Г.Е.Байдуллаева және Н.М.Алмабаева студенттермен біріге отырып, ұйымдастырды.

Мерекелік іс – шара:

  • С.Ж.Асфендияровқа арналған «бұрыш» ашылды. «Бұрышты» профессор, қарт ұстаз Б.М.Адибаев ашты;
  • Өмір жолы мен қызметі жайында тоқтала отырып, студенттер дайындаған концерттік бағдарламамен жалғасты.