«С любовью к женщине» атты факультеттік сабақтың есебі

07.03.2017 жылы «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасының оқытушылары Шаихова М.А., Турумбаева Р.Р., Мезгильбаева З.М., 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «С любовью к женщине» атты факультеттік сабақ өткізді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерге 8 наурыз тарихымен таныстыру, Қазақстанның танымал әйелдері жайында мағлұмат беру, адамгершілік, танымдық дағдыларын дамыту. Мерекелік іс-шараға кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я. және оқу ісі меңгерушісі, аға оқытушы Садыкова А.А. қатысты. Бұл іс-шараның танымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Мерекелік кешке жалпы медицина факультетінің 16-004(2) тобы, стоматология факультетінің 16-002(2) тобы, фармация факультетінің 13-003 (2) тобы студенттері қатысты.

Бұл іс шара студенттердің қызығушылығын тудырып, іс-шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің шығармашылық әлеуеттігі мен тілдік құзіреттілігін дамытуда осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігін атап айтты.