Тұңғыш Президент күніне арналған конференция

2016 жылдың 25-қарашасында С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің стоматологиялық клиникасында «Қазақстан Республикасының бірінші президенті» атты факультеттік конференция өткізілді.

Алғашқы сөз кезегі кафедра меңгерушісі м.ғ.д. Ұ.Р. Мырзақұловаға берілді. Рахымқызы Ұлмекен «Президенттің қысқаша биографиясы» атты баяндамасын ұсынды. ҚазҰМУ-дағы «Нұр Отан» партиясының төрағасы м.ғ.к., профессор И.А. Құлманбетов мерекелік құттықтау сөзін сөйледі. Ол студенттерге “мемлекетіміздің болашағы сендердің қолдарында” дей отырып, жігерлі сөздерімен жақсы оқуға, еліміздің болашағы үшін аянбай еңбек етуге шақырды.

Стоматологиялық факультеттің 4 курс студенттері Бегжанова П., Абдраш Г. және Умаров М. ассистент К.К. Талимовтың және мен м.ғ.к. А.Т.Қосмағанбетованың басшылығымен баяндама жасады.