«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЖЕЛТОҚСАННЫҢ ЖЕМІСІ»

Тәуелсіздік – ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында «Медициналық биофизика және биостатистика» модулінің оқытушылары З.К.Умирбекова, Н.М.Алмабаева және Г.Е.Байдуллаевалар студенттер арасында «Тәуелсіздік –желтоқсанның жемісі» тақырыбында қабырға газеттерінің сайысын өткізді. Сайыста «Стоматология» факультеті деканының орынбасары Ж.Кусмолдаева, модуль оқытушылары және ағылшын тілінде оқитын топ (GM-14-057) студенті Mandadapu Ritesh төрешілік етті.

Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі I орынды «Стоматология» факультетінің СТ-14-006 топ студенттері, II орынды «Жалпы медицина» факультетінің ЖМ-12-044 топ студенттері (3 курс), ал III орынды «Стоматология» факультетінің СТ-14-005 топ және «Жалпы медицина» факультетінің ЖМ-14-016 топ студенттері еншіледі. Қалған сайысқа қатысып отырған 10 жұмыс сертификаттармен марапатталды.

Тәуелсіздік

Арылып бастан КСРО ның зілді үні

Алыстап барады отаршылдықтың құлдығы

Егемен ел боп тойлайтын күні кеп жетті

Қазақстанның тәуелсіз 23 жылдығы.

Қаhарлы күндер, ыдырап халық ел босқан

Түнектей қара көрінер болды енді аспан

Азат күндері, ғажап күндері елімнің

Басталған еді оқиғасынан желтоқсан.

Өтуде бастан көрмеген күндер түсімде

Елім деген ер айналып сол кез мүсінге

Адам танымас кейіпке енді қазағым

Қамшыдай қысқа 23жылдың ішінде.

Оянды елім, шаттанар, тойлар заман кеп

Айтылмас енді көр соқыр болған бабаң деп

Көнбестей болып көрінеген мынау тағдырдан

Сөнбестей болып күн қолын созар маған кеп.

Айналды әнге шырқатып айтар азат күн

Құдайым қоссын азат күндерге ғажап күн

Ағайын енді қосылып бірге тойлаймыз

23 жылдығын тәуелсіз ел қазақтың.

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, елімізге тыныштық тілейміз!