Факультетаралық спартакиада

2016 жылдың 21-25 қараша аралығында ҚазҰМУ спорт кешенінде 2017 жылы Алматы қаласында өтетін 28-ші қыстық Бүкіл әлемдік Универсиадаға арналған бірінші курс студенттері арасында факультетаралық спартакиада өткізілді.

Спартакиадада төрт спорт түрі бойынша факультет құрама командалары қатыстырылды: үстел теннисі, волейбол (ұлдар, қыздар), футбол (ұлдар, қыздар), баскетбол (ұлдар, қыздар).

Факультетаралық спартакиаданың ашылуында стоматология факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Жексембиева А.Д. қатысты.

Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Атагулова Г.Д. басқаруымен гимнастка секциясының қыздары өз өнерлерін көрсетті. Жарыс қызықты өтті, студенттер жеңіс үшін күресіп, жанкүйерлер өз командаларын белсенді түрде қолдау көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша жалпы командалық орындар төмендегідей анықталды: 1 орын – жалпы медицина факультеті, 2 орын – стоматология факультеті, 3 орын – қоғамдық денсаулық сақтау факультеті МПІ, МІ және Менеджмент, 4 орын – фармация және ФӨТ факультеті, 5 орын –халықаралық медициналық факультеті.

Төмендегідей студенттер жарыс барысында жақсы дйындалғандарын көрсетіп және мықты ойыншылар болып саналды:

баскетбол — Жылқышыбай Салтанат стоматология факультеті,

үстел теннисі – Қадыр Әнуар жалпы медицина факультеті,

футбол – Қамбар Ердаулет стоматология факультеті және Балтабек Әділет жалпы медицина факультеті,

волейбол – Турлыбекова Перизат фармация факультеті.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері медалдармен, сыйлықтармен және кубоктармен марапатталды.