Қала күні

Жыл сайын біздің қаланың төл мерекесі Қала күні тойланады.Биылғы мерекелік шара «Apple Fest» деген атқа ие болды. Осы шараға Студенттік үкіметтің мүшелерімен бірге «Стоматология» факультетінің СТ014-001 топ студенттері, тьютор Алмабаева Н.М. қатысты. Олар тағамдардың пайдалы, қажетті жақтары және дұрыс тамақтану, пайдалану қажеттілігі туралы арнайы дайындалған кеңестер мен кітапшаларды халық арасында таратты.