Қош келдің көктем!Қош келдің Әз Наурыз!

18 наурыз күні Студенттік Аренада 22-наурыз мерекесіне орай Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулі мен стоматология институтының студенттік үкіметтің ұйымдастыруымен мерекелік іс-шара өтті. Барша қазақ елі үшін мерекеге айналған «Көрісу күні» жайында түсіндіріп,құттықтау сөз сөйлеу үшін ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінің жетекшісі Есіркепов Асылбек Абдирасилұлы ортаға шықты.Концерт жүргізушілері Маликов Дидар мен Қалдыбай Жұлдызай да өз құттықтауларын білдіріп өтті.Ұлттық киімге киінген қыздарымыз шашу шашып,бір шаңырақтың астына айналып,бірліктің нышанын келтірді.Әрмен қарай өнерпаз студенттеріміздің концерттік бағдарламасына ұласты.1 курс студенті Қалдыбай Жұлдызай мәнерлеп,көктем жайлы өлең шумақтарын оқыды.Балқан Ақылбек,Қиымбаева Самал,Айтымбетова Ақбаян,Абдраш Гүлзат сынды студенттеріміз ән шырқаса,Көбеков Сағындық,Сақбаев Нұрбек,Муллаташев Шерзат,Сейтқасымова Айкүміс күй тартып,барша жұрттың жүрегін елжіретті.Студенттер арасында қызықты ойындар ойнатылды.Ортопедиялық стоматология пропедевтикасы модулінің оқытушылары ортаға шығып,құттықтауларын білдіріп жатты.Ұстаздар мен барша көрермендерге мерекеге жайылған дастарханнан дәм татқызылып,наурыз көже таратылды.1 курс студенті Нұрмаханбетова Жанерке қазақ халқының «Тұсаукесер» дәстүрін түсіндіріп өтті.Концерт соңында стоматология факультетінің деканы Бақанай Амантайұлы шығып,құттықтап,алғысын білдірді.Студенттік үкімет құрамымен таныстыру мақсатында студенттік үкімет төрағасы Бөріхан Ерболат ортаға шықты.Концертке келген жұртшылық көңілді тарқасты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы Ермек ДинараIMG_2961 IMG_2973 IMG_2980 IMG_2983 IMG_3013 IMG_3028 IMG_3053 IMG_3063 IMG_3079 IMG_3084 IMG_3087 IMG_3114 IMG_3127 IMG_3172 IMG_3200 IMG_3210