Құрметті ҚазҰМУ ұстаздары мен студенттері және қызметкерлері!

Сіздерді алда келе жатқан қазағымыздың төл мерекесі «Ұлыстың Ұлы күні-22 наурыз» мерекесімен құттықтай отырып,18 наурыз күні Студенттік Аренада Ортопедиялық Стоматология пропедевтикасы модулі мен стоматология факультетінің студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен өткелі жатқан мерекелік концерттік іс шараға шақырамыз!

Іс шара барысында:

1.Барша қазақ елі үшін мерекеге айналған «Көрісу күні» дәстүрімен таныстыру;

2. «Ұлыстың Ұлы күні-22 наурыз» мерекесіне арналған іс-шаралар (ұлттық ойындар ойнатылып,ұлттық тағамдардан дәм татылады);

3. Ортопедиялық Стоматология пәнімен тереңірек танысу;

4. Стоматология факультетінің өнерлі студенттерінің мерекелік концерті.

 

Басталу уақыты:12-00

Ортопедиялық Стоматология пропедевтикасы модулі мен стоматология факультетінің студенттік үкіметі