Құттықтаймыз!

Құттықтаймыз!

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті физика-техникалық факультетінде 14 қарашада «Жылу физика және техникалық физика» кафедрасының доценті, ұлағатты ұстаз Ж.Ө. Өмірбековті еске алуға байланысты Республикалық ЖОО-ның 1-2ші курс студенттері арасында физика пәні бойынша Республикалық олимпиада және шахматтан турнир өтті. Оған біздің университетіміздің «Стоматология», «Жалпы медицина», «Фармацевтика» факультеттерінен 7 студент қатысты.

Олимпиадада жүлделі орындарды Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Алматы энергетика және байланыс университетi және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеттері студенттері иеленді.

Шахматтан өткен турнирде «Стоматология» факультетінің СТ-14-004 топ студентті Баймен Азат III орынға ие болса, СТ-14-005 топ студентті Диханова Салиха белсене қатысқаны үшін грамотамен марапатталды. «Медициналық биофизика және биостатистика» модулі атынан студенттерді жетістіктерімен құттықтай отырып, келешекте де ғылыми сайыстарға қатысып, өз білімдерін бәсекеге салып, бұдан да үлкен жеңістерге жетуге тілектеспіз. Модульде студенттердің ғылыми жұмыстарына жауапты Г.К.Нуртаеваға, аталған топ тьюторлары З.К.Умирбекова және Н.С.Ахтаева белсенділік танытқандары үшін алғыс айтамыз.