Ұлы жеңіс – ұрпаққа аманат!

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні! Осыдан 69 жыл бұрын, бұл күні адамзат тарихындағы ең сұрапыл, жойқын соғысы Ұлы Отан соғысы аяқталды. Екінші дүниежүзілік соғысқа, біз үшін Ұлы Отан соғысына 6 материктің сол кездегі әлемнің дербес 60 астам елі қатысқан болатын.

Айбынды білек, жеңістеріне сенімді ыстық жүректері мен қайрат күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам – жаудың жеңіліп, соғысты жеңіспен аяқталған күні!

Ұлы Отан соғысының 69 жылдығына орай біз соғыс кезінде фашизм тұтқынында болған қазақстандықтар ассоциациясының төрайымы (КАБУФ –председатель Казахстанской Ассоциация бывших узников фашизма) Тамара Васильевнаны кездесуге шақырдық. Ол кісі бізге соғыс басталғанда 14 жаста болғандығын, 1943ж.Берлиннің солтүстік –батысындағы заксенгаузен лагерінде,1944 ж Нуккенвальдтағы концлагердеболғандығын суреттеп берді.ол кісі 1994ж бастап фашизм тұтқынында болған қазақстандықтар ассоциациясының төрайымы , марапаттары – «Еңбек Ардагері», «В.И. Лениннің туылғанына 100 ж», «Г.К. Жуковтың туылғанына 100ж.», «СССР-дың құрылуына 50ж.», ҰОС жеңісінің 25 жылдығына, 50жылдығына, 60жылдығына, 65жылдығына медальдармен матапатталған. Қазақ топырағынан Ұлы Отан соғысына бір миллионан астам ержүрек жауынгерлер қан майданға аттанған. Олардың көпшілігіне Вермахттың сақадай сай әскери күштеріне қарсы тұруға тура келді. Екінші дүниежүзілік соғысына кейбір деректер 2 млн. адам қатысты делінеді. 600 мыңнан астам қазақстандық немесе соғысқа қатысқандардың әрбір төртіншісі бұл соғыстан оралмады. 503 қазақстандық жауынгер Кеңес Одағының Батыры атанса, оның ішінде 4-еуі: Т.Ж.Бигелдинов, Л.И.Беда, И.Ф.Павлов және С.Д.Луганский 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 110 қазақстандық Даңқ орденінің толық иегері болды.

Бұдан бөлек, бүкіл соғысты басынан өткерген қазақстандық 12 дивизия құрметті атақтар алды. Олардың бесеуі — бір, төртеуі — екі, екеуі үш орденмен марапатталды. Бес дивизия гвардиялық аталды, олардың ішінде Кеңес Одағының Батыры И.В.Панфилов атындағы атақты 8-гвардиялық дивизия бар. Бауыржан Момышұлы Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В. Панфилов басқарған әйгілі дивизиясының құрамында 1941 жылдың қыркүйек айынан бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Москва үшін шайқаста 207 рет ұрысқа қатысты. Гвардия полковнигі Бауыржан Момышұлының 1990 жылдың 12 желтоқсанында туғанына 80 жыл толуына орай Кеңес Одағының Батыры деген жоғары атақ берілді. Б.Момышұлының «Әділет қашанда жеңеді, ол кешіксе де келмей қоймайды» деген сөзі шындыққа айналып, ел тілегі орындалды. Рейхстагқа шешуші шабуылға шыққан және Жеңіс туын тіккендердің ішінде қазақстандық Р.Қошқарбаев, капитан Б.В.Чупрета, минометші А.Бақтыгереев, пулеметші П.Е.Вицько, байланысшы К.М.Волочаевтар болды.

Сол жылдары Қазақстан соғыстың тылдағы арсеналы болды. Неміске атылған 10 оқтың тоғызы Қазақстанда жасалды. Модуль оқытушылары және студенттер кездесу соңында Андриевская Тамара Васильевнаны Ұлы Жеңісімен құттықтап, ҰОС ардагерлерінің арқасында осындай бейбіт өмір сүріп отырғанымызға рахметтерін айтты. Әр топ өз шамаларына қарай Тамара Васильевнаға силықтарын беріп жеке-жеке суреттерге түсті. Кездесу аяқталғаннан соң студенттер және тьюторлар Мәншүк Маметованың бюстына гүл шоғырларын қойды. Бүгінде Жеңіс күні мерекесі адамдардың ұлтына, дініне, тілі мен мәдениетіне қарамастан ортақ қуаныш күні. Бұл қастерлі мейрамның мән мағынасы уақыт өткен сайын еш өшпек емес, себебі оның құндылығы ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық жеңген Ұлы күн! Мерекелеріңіз құтты болсын! Енді соғыс болмасын тек бейбітшілікте өмір сүрейік.

 

Терапиялық стоматологиясы пропедевтикасы модулінің тьюторлары: Смагулова Е.Н., Мангытаева Б.б., Уразбаева Б.М.