Ұстаздар күніне арналған концерт

Ұстаздар күніне арналған концерт

3 қазан күні Стоматология клиникасында Стоматология факультетінің студенттік үкіметінің ұйымдастыруымен «Ұстаздар күніне» орай мерекелік концерт өткізілді.Іс шараға стоматология институтының директоры Есентаева Сәуле Серікқызы,стоматология факультетінің деканы Амантаев Бақанай Амантайұлы және әр модуль ұстаздары ерекше қонақ ретінде қатысты.Студенттеріміздің арнайы дайындаған концертінде өнер көрсеткен студенттеріміз ұстаздар қауымына үлкен қуанышпен ерекше көңіл күй сыйлады.Атап айтар болсақ әсем әнмен ортаға шыққан 4 курс студенттері Текемурад Құралай, Бөріхан Ерболат,3 курс студенті Балқан Ақылбек,домбырамен күй шерткен Төребеков Нұрлан сынды студенттеріміз қонақтардың қошеметіне бөленді.Сонымен қатар Қ.И.Сатбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінен арнайы қонақ ретінде шақырылған 3курс студенті Садықова Назым өз өнерімен ерекше көзге түсті.Студенттеріміздің өнері бұнымен бітпеді.5курс студенттері Еркибаева Жамилә пианинода өнерін ортаға салса,Бижанова Аякөз өз шығармашылығынан өлеңін оқыды.Іс-шараны жүргізген 1 курс студенттері Аристанова Надира мен Абибулла Алимжан.Ұстаздарымыз өз ризашылықтарымен алғыстарын білдіріп жатты.

Студенттеріміздің ұстаздарға деген ерекше ілтипатының арқасында осындай мерекелік күндер назардан тыс қалмайтыны сөзсіз.Бұл күн ұстаздар қауымына керемет әсер қалдырды деп сенеміз.

Ақпараттандыру секторы Ермек Динара