1 НАУРЫЗ-АЗАМАМТТЫҚ ҚОРҒАНЫС КҮНІ!

01.03.2014 жылы информатика модулінде 1 наурыз-азаматтық қорғаныс күніне байланысты «Террорлық акт» атты іс-шара аға оқытушы Садуақасова Гульмира Мырзабекқызының басшылығымен өтті.

Іс-шараға стоматология факультетінің 1 курс студенттері белсенді қатысты. Атап айтқанда, СТ13-004-1 қ топ студенті Ақылова Назерке Асланбиқызы, СТ13-006-1 о топ студенті Саликов Муратбек Тлеугалиевич, СТ13-006-2 о топ студенті Цой Эдуард Александрович, СТ13-002-1 қ топ студенті Қалдыбай Жұлдызай Жомартқызы терроризм туралы өздері дайындаған презентациялар, плакаттар мен буклеттер көрсетті. Еңбектеріне сай мараппаттаулар мен құттықтаулар болды. Сонымен қатар іс-шараға стоматология факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары Тастеева Назым Советбекқызы қатысып, стоматология факультеті 1 курс студенттерінің еңбектерін көріп, студенттерге оқуда озат болуларына тілектес екенін айтты.