TBL (Team Based Learning) әдісі бойынша семинар өтілді

9.11.2013ж. күні «Информатика» модулінде   «Web парақтармен жұмыс істеу» тақырыбында TBL (Team Based Learning) әдісі бойынша оқытушылар мен  студенттерге  арналған семинар өткізілді.

Семинардың мақсаты: TBL әдісін оқу үрдісіне енгізу. Оқыту сапасын жоғарылату нәтижесінде студенттердің шығармашылық қабілетін және дербестігін жетілдіру.

Әдіс туралы: TBL («Team Based Learning» — Кіші топтарда оқыту) әдісі- студенттерге  топта жұмыс істеу дағдысын дамытуға мүмкіндік беретін оқытудың топтық әдісі

TBL әдісі арқылы студенттер әрбір командалық топтарға бөлінеді және олар коллектив бойынша жұмыс істей біледі.  Жеке жұмыстарын атқарады. Сонымен қатар өз ойын айтуға, ұжымды алып шығуға, сондай жақсы қасиеттерді беретін әдістің бірі. 

Қысқаша сценарии: «Web парақтармен жұмыс істеу» тақырыбында

  • Студенттер  медициналық орталықтардың сайттарын құрастырады.
  • Студенттер  жеке тест тапсырады, сауалнамалар нәтижесі  талқыланады.
  • Студенттер кіші топтарға бөлініп топтық тест тапсырады, яғни  студенттер арасында сауалнамалар талқыланып, өз бағаларын алады.

Семинарды ұйымдастырушылар:  Информатика модулінің доценті Андаспаева А.А., аға оқытушы Жусипбекова Ш.Е., оқытушы Баракова А.Ш.

Семинарға қатысқан оқытушылар: Жалпы медицина факультетінің 040-1,2 топ студенттері,  Информатика модулінің оқытушылары,  мед. биофизика және  биостатистика модулінің оқытушылары мен профессоры Нурмаганбетова М.О., доцент Байдуллаева Г.Е.,  Гистология №2 модулінің   аға оқытушысы Мулкебаева Ш.Ш., аға оқытушы Тусупова Н.Н., аға оқытушы Жангелдина З.Н.