«Адалдық күніне» орай ұйымдастырылған акция

Қазақтың жақсы қасиеттерінің асылы мейірбандық, жомарттық, кеңпейілділік, бауырмалдық. Ол адамға қызмет қылып, жақсылық жасауға пейілді жанға тән сипат. Жомарт болу — өзіңде барды зәру адаммен шын жүректен бөлісу. Осыған орай 2018 жылдың 16-17 сәуір айында «Адалдық күніне» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылып өткізілуде. Осыған орай
16-17.04.18 жылы «Биофизика курсымен информатика» кафедрасының оқытушылары каф. мең. Ажибекова Ж.Ж, Омарбаева А.Н., Сержанова Қ.Ш., Садуакасова Г.М., Джаханова Б.Н., Жакипова Ш.А, Алтекова И.С, Жусипбекова Ш.Е, Бекенаева Қ.С, Жыланбаева Б.К, Шадинова К.С, Рахымбаева Г.С. және «Стоматология» факультетінің 1-ші және 2-ші курс кураторлық топтарымен №2 балалар үйіне барып «Балаға мейірім сыйла» тақырыбында қайырымдылық көрсетті. Қазақтың ұлы ақыны Абайдың «Адамзаттың бәрін сүй бауырым» деген даналық сөзінда айтылғандай,
«Адалдық күні» атты қамқорлық акциясының негізгі мақсаты: студенттердің бойына адамгершілік, ізгілік, қамқорлық, қайырымдылық сияқты асыл қасиеттерді бойына дарыту мақсатында Алматы қаласының №2 балалар үйіне барып материалдық тұрғыдан  көмек көрсеттік. Топ студенттері тәтті мен жеміс жидекке толы дастархандарын жайды. Аз да болса көптей қылып дәрі дәрмектерін әперді. Балаларды ойнатып аз уақыт болса да көңілдерін көтеріп күлкіге бөледі. Осылайша өскелең ұрпақ берген білімімізбен тәрбиемізді, келешекте еліміздің өркендеп өсуі мен дамуына ықпал жасаса екен деп тілейміз!