«Рухани жаңғыру» туған елге тағзым

2018 жылдың 27 сәуір айында Қызылорда облысы, Шиелі ауданының Ы.Жахаев ауылының №149 «Қызыл-Ту» орта мектебінде 1-11 сыныптарының оқұшылары мен мұғалімдерімен кездесу болды.

Кездесуде «Тіс жегінің асқынулары және олардың алдын алу шаралары. Ауыз қуысының гигиенасы» — деген тақырыпта дәріс оқылды. Дәріс кезінде және одан соң жиналған аудиториямен тікелей сұқбат жасалды.

Дәрістен соң оқушылар мен мұғалімдердің сұрақтарына жауап берілді.

Кездесу соңында оқушылар мен мұғалімдер ұжымына «Колгейт» компаниясының тіс пасталары мен щеткалары, оқушыларға мақтау қағаздары мен тіс тазалау ережелерін үйрететін нұсқамалар таратылды.

Кафедра меңгерушісі, м.ғ.к., доцент Есиркепов А.А.