Ортопедиялық стоматология кафедрасының ПОҚ стоматологиялық факультетінің құрама командасына кірді. Бұл құрама команда Спартакиадаға ПОҚ және ӘБА ҚазҰМУ арасында өткен футболға, үстел теннисіне, дойбаға, шахматқа қатысты. Спартакиада 2017 жылы, 13 – 21 ақпан аралығында ҚазҰМУ-нің спорткомплексінде өтті. Ортопедиялық стоматология кафедрасының ПОҚ Спартакиададан жүлделі оырндарға ие болды: м.ғ.д., профессор Рузуддинов С.Р., — 1 орын шахматтан; м.ғ.к., доцент Тебенова Г.М. – 1 орын дойбадан, ассистент Сафаров Т.С. – 3 орын футболдан алды. Шахматтың жарыста ортопедиялық стоматология кафедрасының майталманы, к.м.н., ассистент Кан А.С. қатысты. Және стоматологиялық факультетіның құрама командасы үстел теннисінен 2 орын алды.