Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауле Жанпейісованың «Алматым жүрегімде» атты ән кеші өтті

10 қазан 2018 жылы ғылым ордасының концерт залында өткен Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сауле Жанпейісованың «Алматым жүрегімде» ән кешіне фармация мектебінің 2 курс студенттері қатыстырылды.

Ұйымдастырушы: Жастар саясаты басқармасы мен химия және фармацевтикалық пәндер кафедрасының доценті Шекеева К.К.

 «Алматым жүрегімде» ән кешінде   қазақстандық дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы  Сауле Жанпейісованың «Ақ жайық», «Жалт етіп өткен», «Жылой», «Айжан-ай», «Сорбон», «Көк айдай», «Ағайша», «Сәулем-ай», «Шымыр», «Нұрым жырау», «Дүние-ай»  және т.с.с ән туындылары шырқалды.

Концертте,  сонымен қатар, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері: Еркін Шүкірман, Ардақ Исатаева; Республикалық және Халықаралық конкурстардың лауреаттары: Жетес Жәмеков, Эльмира Дәуренбекова, Эльза Қарабалина, Азат Дулатұлы, Жанғожа Аяпов және «Аманат» өнер студиясының шәкірттеріде өз өнерлерін ортаға салды.