Ақыл көпке жеткізер, Өнер көкке жеткізер

12.02.2014 жылы Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында «Күшік күйеу» комедиялық қойылымы болды. Бұл қойылымға стоматология факультетінің 1 курс студенттері мен топ тьюторлары, тәрбие ісі жөніндегі орынбасар, тәрбие ісі басқармасы қызметкерлері көрермен болып қатысып, комедиялық қойылымнан ерекше әсер алып шықты.