«Жасөспірімдер арасындағы діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу» тақырыбында конференция өтті

08.02.2017 жылы №3 оқу ғимаратының № 409 аудиториясында «Жасөспірімдер арасындағы діни экстремизм және терроризмнің алдын-алу» тақырыбында стоматология факультетінің 5 курс студенттері және кураторлары арасында тәрбие конференциясы өткізілді.

Іс-шара балалар стоматологиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ермуханова Г.Т. сөзінен басталды.

«Діни экстремизм дегеніміз не? Қазақстан жастары арасындағы діни экстремизм» тақырыбында балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті Гайсина Д.К. баяндама жасады.

Сондай-ақ, бұл тақырып бойынша бейне роликтер көрсетілді.

Ал, балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенті Караськова Д.С. «Қазақстандағы діни экстремизм» презентациясын көрсетіп, баяндады. Студенттерде көптеген сұрақтар туындап, іс-шара ұйымдастырушыларының тарапынан бұл сұрақтарға қажетті деңгейде қызықты жауаптар жасалынып, сонымен қатар мысалдар да келтірілді.

Іс-шараның ұйымдастырушылары балалар стоматологиясы кафедрасының ассистенттері доц. Каркимбаева Г.А., асс. Гайсина Д.К., асс. Караськова Д.С.