«Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл»

2016 жылы 8 желтоқсан күні стоматология факультетінің студенттік үкіметіне кеше ғана қосылған 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен №2 аудиторияда сағат 13.00-де «Желтоқсан көтерілісіне 30 жыл» атты іс шара болып өтті.Кеш қонақтары:Студенттермен жұмыс жасау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Байзаханов Аслан Әділханұлы, әлеуметтік-тәрбие жұмыстары бойынша декан орынбасары Жексембиева Анида Даниярқызы.

Кешіміздің мақсаты: 1986 жылғы 16 желтоқсанда болған, бүгінгі дүниені дүр сілкіндірген , ұмытылмас оқиғаға негіз болған боздақтарды еске алу. Қазіргі жастардың патриоттық сезімін ояту.

Іс шара барысында стоматология факультетінің студенті Төребеков Нұрлан «Алатау» күйін тартты, «Туған жер» әнін Әнетова Жанел орындады.1 курс студенттері, тәуелсіз мемлекет болуымызға шырылдап жанын қиған жас студенттердің рөлін сомдап, көрініс көрсетті. Күні кеше Қазақстан тарих кафедрасының ұйымдастыруымен өткен «Тәуелсіздік жырлары» атты мүшәйраның I,II,III орын жүлдегерлері өз шығармашылығынан өлең жолдарын оқыды. Салтанатты іс шараның соңында шақырылған қонақтарға сөз берілді.Іс шара жоғары деңгейде өтті.