«Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек

16 ақпан 2018 жылы, сағат 11.30-да ҚазҰМУ спорттық кешенінде «Жемқорлыққа қарсы күрес» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: 1. Жемқорлық туралы мәліметтер. 2. Жемқорлықтың экономикалық және әлеуметтік дамуға келтіретін зиянымен таныстыру. 3. Жемқорлықтың елдің саяси дамуына тигізетін әсерін насихаттау.

Дөңгелек үстелге жалпы медицина мектебінің студенттері, фармация мектебінің студенттері, стоматология мектебінің студенттері, Х.Досмухамедов атындағы қоғамдық денсаулық сақтау мектебінің студенттері қатысты.

Жалпы қатысқан студенттер саны — 60 студент.

Студенттер жемқорлық тақырыбына байланысты баяндамалар оқыды және ән айтылды. Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында жемқорлық тақырыбында сұрақ-жауап, әңгімелер айтылды.

Жауапты оқытушылар: п.ғ.к., доцент Фадеева О.Ю., аға оқытушы Жаксылыкова К.С., оқытушы Переверзева Н.В.