МҰРАЖАЙ

МҰРАЖАЙ

Студенттерді ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу мақсатында «Медициналық биофизика және биостатистика» модулінің тьюторлары З.К.Умирбекова және Г.К.Нуртаева «Стоматология» факультетінің СТ-14-005 және СТ-14-006 топ студенттерімен С.Асфендияровтың 125 жылдығы қарсаңында Университет мұражайында болып, «Гордость нации» фильмін көрді және ҚазҰМУ-дің тарихымен танысты.

Ал қараша айында Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық мұражайында болып, одағы тарихи-мәдени мұралар: ортағасырлық сәулет өнері ғимараттарының макеттерін, археологиялық ескерткіштерді және дәстүрлі қазақ мәдениетін, тұрмысын сипаттайтын, заттарды тамашалады. Еліміздің егемендік алған 1991 жылдан бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихын сипаттайтын деректер мен мемлекеттік марапаттар, ақша белгілері, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт туралы материалдарымен танысты. Қазақстанда тұратын этникалық диаспоралардың тарихымен, қолөнері мен бейнелеу өнерінің туындыларымен танысып, студенттер мұражайдан үлкен әсер алды.