Ректормен кездесу

09.09.2013 күні ректорымыз Ақанов Айқан Ақанұлы студенттермен кездесу өткізді.Жыл сайын жаңа оқу жылының басында өткізілетін бұл кездесудің мақсаты ең алдымен студенттерді жаңа оқу жылымен құттықтау және де университетіміздің тыныс тіршілігімен бөлісу,жаңалықтармен таныстыру болды.

Жоспарлағандай ақ кездесуде студенттерді мазалап жүрген оқу үрдісіне байланысты,немесе студенттік өмірдің басқа да жағына қатысты сұрақтарын қойып,толық жауап алып,тарқасты.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара