Стоматология институтының директоры Сәуле Серікқызы №5 жатақханада студенттермен кездесу өткізді

01.10.2013 күні №5 студенттік жатақханада Стоматология институтының директоры Сәуле Серікқызымен стоматология факультетінің деканы Амантай Бақанайұлы және де декан орынбасары Алмагүл Сайпуддинқызы студенттермен кездесу өткізді. Кездесудің басты мақсаты студенттердің жатақханадағы тұрмыс-тіршілігімен танысу,жатақхана жағдайын тбағалау және де студенттерді мазалап жүрген мәселелермен сұрақтарды ашық түрде талқылау болып табылды.

Кездесу барысында студенттер өздерінің сұрақтарын қойып оған толық әрі нақты жауап алды. Студенттік үкімет мүшелері өздерінің тілек- ұсыныстарын айтты.

Соңында Сәуле Серікқызы мен жатақхана төрағасы әрі студенттік үкімет мүшесі Бөріхан Ерболат бөлмелердің тазалығын тексеріп шықты.

Қорыта келе, жатақхана жағдайына бәрінің көңілі толып,айтылған ұсыныстар талқыланып өз шешімін табатын болды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара

IMG-20131016-WA0007 IMG-20131016-WA0008 IMG-20131016-WA0001 IMG-20131016-WA0003