Стоматология факультетінің студенттік үкімет төрайымын сайлау

18 қыркүйек күні Мәншүк Мәметова атындағы 1 аудиторияда стоматология факультетінің студенттік үкімет төрайымын және студенттік деканын сайлау болып өтті. Сайлау демократиялық түрде топ старосталары және белсенді студенттердің қатысуымен өтті. Студенттік үкіметтің төрайымына үміткер ретінде 4 курс студенті Исабекова Самал және 3 курс студенті Тілеухан Береке ұсынылса,студенттік декан ретінде Асанов Бақытжан Текемұрад Құралай үміткер болды.

Кездесу барысында декан Амантаев Бақанай мен Алмагүл Сайпудинқызы сөз сөйлеп арнайы дайындалған жобаларын ұсынды.

Сайлаудың нәтижесінде студенттік үкіметтің төрайымы болып Исабекова Самал тағайындалса,студенттік декан Асанов Бақытжан болды.

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара