Студенттеріміз салауатты тамақтануды қолдайды

12.09.2014 күні «Қазақ Ұлттық салауатты тамақтану орталығының» ұйымдастыруымен, университетіміздің стоматология факультетінің студенттік үкіметінің мүшесі Абдраш Гүлзат және 1 курс студенттері мектеп мұғалімдеріне және ата-аналарға «Дұрыс тамақтану» жайында сауалнама жүргізу мақсатында №173 мектеп гиназияға,барып қайтты.Сонымен қатар,оқушыларға салауатты тамақтану жайында біраз түсіндірмелік жұмыстар жүргізілді. Қазіргі таңда сауалнама нәтижелері өңделуде.

 

Ақпараттандыру және қоғамдық істер секторы

Ермек Динара