Халықаралық Қарттар күні

ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы,

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

14.12.1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 45/106 резолюциясында 1 қазан Халықаралық Қарттар (International Day of Older Persons) күні деп жариялады. Біздің елімізде дәстүрлі түрде атап өтіледі. Осыған орай 02.10.2017 күні 14.30 201 аудиторияда Биофизика курсының доц. Байдуллаева Г.Е., аға оқыт. Алмабаева Н.М., Умирбекова З.К. және СТ17-001-003 топ студенттері «Қарттарым асыл қазынам» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырып, өткізді. Кеш қатысушы ардагер ұстаздар туралы дайындалған материалдармен басталса, соңында үлкен кісілерден бата алумен аяқталды. Шара айтулы күнге орай дайындалғандықтан жоғары деңгейде өтті деуге болады, себебі студенттер өздерінің жүректерінен шықан өлеңдерін, арнау сөздерін, әндерін ортаға салды.

Ата –әже мерекелеріңіз құтты болсын!

Жанұяңызға тек қана шаттық толсын

Немерелеріңіздің өнерін тамашалап,

Жүздеріңізге көтеріңкі көңіл толсын.