«Өнерлі факультет» атты байқауының 1-ші кезеңінің қорытындысы

«Өнерлі факультет» атты байқауының 1-ші кезеңінің қорытындысы

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студенттердің мәдени құзіреттілігін дамыту департаментінің ұйымдастыруымен өтіп жатқан «Өнерлі факультет» атты байқауының 1-ші кезеңінің қорытындысы белгілі болды.Сайыстың 1 кезеңі ағымдағы жылдың 20 ақпан күні Concordia театрында өткізілді.Байқауға стоматология факультеті,фармацевтика факультеті,жалпы медицина факультеті және шет ел деканаты студенттері қатысты.Байқау шарттары бойынша факультеттер 20 ақпан күні мынадай тақырыптар бойынша сайысты.

1.КТК командалар жарысы.ҚазҰМУ «Студенттерінің 1 күні» тақырыбында өзіміздің факультеттен 3 курс студенттері Тынышбек Рамазан,Балқан Ақылбек,Қазезханов Ерасыл,Еңкебаев Нұрбол,Садиков Айбек бір команда болып қатысып,жүлделі 2 орын алды.

  1. «Мәңгілік ел-ұлт мұраты» тақырыбында видеоролик түсіру сайысынан стоматология факультеті жүлделі 1 орынға ие болды.Видеороликті дайындаған: 1 курс студенті Карлибаева Айжамал және 3 курс студенті Өміртай Шапағат.

3.Музыкалық аспаптарда ойнау байқауы бойынша аспапта соло орындаудан домбырамен күй шерткен 4 курс студенті Көбеков Сағындық «Үздік орындаушы » лауазымын иеленді.

4.Факультетімізден ұлттық аспаптар ансамблінде 17 студентіміз, атап айтқанда 4 курс студенттері Көбеков Сағындық, Абдурахманов Эдем, Есенғожин Дархан, Сунтаев Мади, Евдокимов Константин, Маликов Дидар, Әуезханов Мақсат, Төреханұлы Жанболат, 3 курс студенттері Төреқұлов Үсен, Сақбаев Нұрбек, Муллоташев Шерзат, 2 курс студенттері Елемесова Сымбат, Айтмат Маржан, 1 курс студенттері Әлжекесова Бибігүл, Төребеков Нұрлан,Таджикулов Сұлтан, Тағайбеков Нұрислам қатысты. Стоматология факультетінің студенттерінен құралған ансамбліміз жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, «Үздік ұлттық аспаптар ансамблі» лауазымын иеленді.

Жалпы «Өнерлі факультет» атты байқауының 1-ші кезеңінің қорытындысы бойынша факультетіміз 2 орында тұр. Алдағы уақытта стоматология факультетінің студенттерінен жоғары нәтиже күтеміз, және оларға сәттілік тілейміз!

Ақпарат секторы:

Ермек Динара, Ануарбекова Сымбат

Аталмыш байқауды ұйымдастырушылырға студенттердің мәдени құзіреттілігін дамытуға үлестерін қосып жатқаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз. Сонымен қатар,стоматология факультеті деканы Амантаев Бақанай Амантайұлына,Алмагүл Сайфутдинқызына және факультет жанкүйерлеріне ерекше рахметімізді айтамыз.25 ақпан күні өтетін байқаудың 2 кезеңін асыға күтеміз.

Ақпарат секторы:

Ермек Динара ,Ануарбекова Сымбат